RSS лента

Қазақстанда «коронавирус инфекциясы болуы ықтимал жағдай» деген түсінік енгізілді

  • 03.07.2020, 15:29,
  • 1 819
  • 0
  • Автор:
Автор фото: РИА Новости / Илья Питалев

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова биылғы пневмониядан қайтыс болу деректерін келтіріп, пневмониямен ауыратын кей науқастардан неліктен коронавирус анықталмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды Turantimes.kz.

Есмағамбетованың сөзінше, 2019 жылдың жарты жылы мен 2020 жылдың жартыжылдығының қорытындысы бойынша, пневмониядан көз жұмғандардың статистикасын салыстырғанда, осы алты ай ішінде қайтыс болғандардың саны аса көбейген жоқ. 2019 жылдың алғашқы жартыжылдығында өлім-жітімнің - 1780, ал 2020 жылдың алғашқы жарты жылының қорытындысы бойынша - 1772 жағдайы тіркелді. Ал, осы жылдың маусым айында пневмониядан қайтыс болғандардың саны 628-ге жетті.


«Біз пневмониямен ауыратын кей науқастардан ТПР-тест (тізбекті полимеразды реакция) алған кезде олардан коронавирус анықталмайтынын жасырмаймыз. Бұл қалыпты жайт. Өйткені, КВИ жоғары тыныс алу жолдарынан төменге түседі, сондайда ТПР-тест әрқашан нәтижесін көрсете бермейді» деп түсіндірді ол.


Есмағамбетова ТПР-тесттің үнемі нәтиже көрсете бермейтінін ескере отырып, пневмониямен ауыратын науқастардың клиникалық хаттамасына өзгерістер енгізілгенін хабарлады.


««Коронавирус инфекциясы болуы ықтимал жағдай» деген түсінік енгізілді. Тіпті, ТПР-тест теріс нәтиже көрсеткен жағдайда да, науқастар КВИ жұқтырған кездегідей клиникалық хаттамаға сәйкес ем қабылдайды» деді спикер.


Ол атап өткендей, коронавирусқа зерттеу жүргізетін барлық зертханалар өздерінің сынамаларының бір бөлігін міндетті түрде ҚР Қоғамдық денсаулық сақтау Ұлттық орталығының зертханасына жіберіп отырады. «Қазір біздің тесттер сәйкес келмейді немесе зертетулер қате жасалады деген дерек жоқ» деп қосты ол.


Бұдан бөлек, бас мемсандәрігердің айтуынша, қазір елімізде пневмонияның өршу себебін, табиғаты мен қоздырғыштарын зерттеу жұмыстары басталып кетті.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости