Осылайша, 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап жасына байланысты зейнетақы, базалық зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақылар 5%-ға арттырылды. Нәтижесінде, барлық зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақы алушыларға мамыр айында екі айға, яғни сәуір-мамыр айындағы айырмашылық қоса төленді.
⠀
Ал, маусым айында алушыларға таза 5%-дық өсіммен төлемдері төленуде.
Осы айлардағы айырмашылықтарды жете түсінбеген зейнетақы, жәрдемақы алушылар «зейнетақыларымыз мен жәрдемақыларымыз неліктен азайып кетті?» деген сауалды жиі қоюда.
⠀
Әлеуметтік қамсыздандыру орталығы – мамыр айында «екі айдың (сәуір-мамыр)», ал маусым айында тек «бір айдың» өсімін ғана алғандықтан, зейнетақы мен жәрдемақыларда айырмашылықтар туындап отырғанын ескертеді.