RSS лента

Қазақстандықтар қысқартылған жұмыс режиміне көше ме?

  • 09.10.2020, 17:32,
  • 2 671
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Қазақстанда қысқартылған жұмыспен қамтуға көшкен жағдайда ең төменгі жалақы мөлшерінде жалақының бір бөлігін өтеу немесе субсидиялау тетігін енгізілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«Біз үшін еңбек нарығындағы екінші қатер - бұл өсіп келе жатқан жұмыс күшінің оған келтіретін қысымы. Алдағы 5 жылға талдау жасап көрдік. жастардың ең нарығына жыл сайынғы ағыны 2025 жылға қарай 256 мың адамға дейін өседі деп болжануда және жалпы еңбекке қабілетті халықтың саны 12,1 млн адам жететіндігі күтіледі. Бүгінде еңбекке қабілетті халық саны - 11,4 млн адам. Тиісті шаралар қабылданбаса, 2022 жылдан бастап жұмыс орындарын құру өсімі халықты жұмыспен қамтуға жеткізіліксіз болады. Сөйтіп, 2025 жылға қарай жұмыс тапшылығы 87 мыңға жетуі мүмкін.


Сол себепті алдағы кезеңде жұмыс орындарын қосымша құру қажеттілігі күрт артып отыр. Егер карантин қайта енгізіліп жатса, оның әсері жұмыскерлердің босатылуы мен табыстарының азаюына алып келуі мүмкін. Сондықтан шұғыл және жүйелі шаралар қабылдауға дайын болуымыз қажет. Оның ішінде «Жұмыспен қамту» жол картасын жалғастырып, инфрақұрылымдық жобалар арқылы жұмыс орындарын сақтау және құру шаралары, «Еңбек» бағдарламасы аясында субсидияланатын жұмыс орындарын көбейту, толық емес немесе қысқартылған жұмыспен қамтуға көшкен жағдайда ең төменгі жалақы мөлшерінде жалақының бір бөлігін өтеу немесе субсидиялау тетігін енгізу, карантин кезеңінде жұмыссыздар үшін жұмыстан айырылу бойынша төлемдерді арттыру жөнінде ұсыныстар енгізуді жоспарлап отырмыз. Енгізуіміз мүмкін» деді министр.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости