RSS лента

Коронавирустың екінші толқынында кімдер жұмыссыз қалады?

  • 25.09.2020, 17:50,
  • 2 422
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Әлеуметтік желі

Індеттің келесі кезеңінде 162 мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін деген болжам бар, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтің айтуынша, COVID індетінің еңбек нарығы үшін қатері мен теріс әсері әлі де бар.


– Егер коронавирустың екінші толқыны келіп жатса және қатаң шектеу шаралары қабылданса, онда біздің бағалауымызша 2,2 млн-нан астам адам қолдауға мұқтаж болуы мүмкін. Осы жағдайда болжам бойынша жұмыспен қамтылған халықтың жартысына жуығы немесе 4 млн адам жұмысын сақтап қалады.


Негізінен ауыл шаруашылығы, құрылыс, өндіріс және денсаулық сақтау салаларында еңбек ететін адамдар жұмысын сақтап қалады. Үштен бірі немесе 2,5 млн адам қашықтан орындалатын жұмыс режиміне ауысуы мүмкін. 2 млн адамның жұмыс уақыты қысқарып, олар ақылы немесе басым бөлігі ақысыз демалысқа шығарылуы ықтимал. Бұл - бірінші кезекте сауда, көлік, тұтыну және тамақтану қызметтері саласындағы қызметкерлер. Бағалау бойынша 162 мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін, - деді министр Мәжілістегі Үкімет сағатында.


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости
Популярно
  • Сутки
  • Неделя
  • Месяц