RSS лента

Коронавирустың екінші толқыны қашан басталады?

  • 17.09.2020, 02:12,
  • 1 801
  • 0
  • Автор:
Автор фото: forumdaily.com

Алматының әкімі Бақытжан Сағынтаев КВИ-дің екінші толқыны туралы толығырақ баяндап берді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.




«Алдымызда күз келеді. Ал, қыста ЖРВИ мен тұмауымыз тағы бар. Ендеше, біздің коронавирустың екінші толқынына дайындалып жатқанымыз тегін емес. Барлығы тынышталды деп келген елдерде адамдар вирусты көктемдегіден де көп жұқтыруда. Бізге де соны күтуге тура келеді. Вирус ешқайда кеткен жоқ, ол біздің жанымызда жүр. Барынша сақтанып, эпидқызметтің барлық талаптарын орындауымыз керек» деді Сағынтаев.


Айта кетейік, қыркүйек айы басталғанан бері ауру жұқтыру көрсеткіші төмендеді. Мәселен 9 қыркүйек күні – 11 науқас, сосын 9, 8, 6-ға дейін азайды. 11 қыркүйек күні инфекцияны жұқтырған бір де бір адам тіркелген жоқ. 14 қыркүйек күні екі адамнан анықталды, кеше бір адамнан шықты.


Ал, 16 қыркүйектегі мәлімет бойынша, КВИ жұқтырудың 14 325 оқиғасы тіркелген, 13 941 адам (97,3%) емделіп шықты. Қауіпті кеселден 270 адам көз жұмды.


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости