«Үкіметтік комиссияның барлық іс-әрекетіне қарамастан індетке шалдыққан азаматтарымыз азаймай отыр. К/вирустың екінші толқынының қауіпі сейілмегенін ДДСҰ да растады. Отандастарымызды жаппай ауруға шалдығудан қашып, індеттен қорғанудың жолдарын (арақашықтықты сақтау, дезинфекция, жеке тазалық, бетперде кию) ұстануға тағы да шақырамын», - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-де.
Айта кетейік, соңғы мәлімет бойынша, елімізде коронавирус індетіне шалдыққандардың жалпы саны 11 796-ға жетті. Оның ішінде 6240 адам сырқаттан жазылды, қайтыс болды - 48 науқас.