RSS лента

Атырауда қоғамдық дау тудырған қылмыстың беті ашылды

  • 14.09.2020, 16:31,
  • 3 300
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Әлеуметтік желі

Атырау облысының полицейлері қоғамдық дау тудырған қылмысты ашты, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

6 қыркүйек күні Жылыой ауданының  1973 жылы туған тұрғыны  жылқыларын іздеуге аттанып, із-түзсіз жоғалған болатын. Бұл туралы біз кеше ғана жазған едік.

Аталған дерек бойынша Атырау облысы полиция департаментінің (ПД) қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Жоғалған азаматтың жүрген жерін анықтау мақсатында облыс  полиция департаменті мен  төтенше жағдай департаменті қызметкерлері, сондай-ақ еріктілер аумақты аралап, іздеу жұмыстары жан-жақты  жүргізілді.

Бүгін 14 қыркүйек күні полиция қызметкерлері іздестіру іс-шараларының нәтижесінде  таңертең Жылыой ауданы Құлсары қаласынан 100 шақырым жердегі Қырықмылтық кен алаңында  15-20 метр тереңдіктегі  шұңқырдан  жоғалған  азаматтың денесін тауып, сараптама тағайындалды.

Қылмысқа күдікті бұрын сотты болған 38 жастағы Жылыой ауданының тұрғыны ұсталды. ҚР ҚК-нің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеу  барысында қылмыстың  себебі анықталатын болады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости