Бір апта бұрын Атыраудағы Жылыой ауданында 47 жастағы шаруа қожалығының жетекшісі мотоциклмен жылқы іздеуге шыққан болатын. Ол келесі күні үйге оралмаған соң, туыстары аудандық әкімдікке хабарлаған екен.
– Иен далада хабар-ошарсыз кеткен фермерді іздеуге төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Сондай-ақ полиция қызметкерлері итпен де іздеді. Олар құла дүзден көрпе мен мотоциклді тауып алған. Алайда шаруаның өзі әлі табылған жоқ, - делінген аймақтық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.