RSS лента

Жоғалған жігіт үш күн өткенде ғана Жайықтың түбінен табылды

  • 17.06.2020, 09:12,
  • 1 289
  • 0
  • Автор: aakhmetullina

Жас жігіттің денесі үш күннен кейін ғана табылды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.  

Небәрі 27 жастағы жігіт 13 маусымда Геолог кенті тұсындағы Жайық өзенінің жағасында достарымен демалып жүрген болатын. Бірақ, арнайы жабдықталмаған жерде шомылып, суға батып кеткен. Жедел құтқару жасағының үш қызметкері оны үш күн бойы іздеп, ақыры су түбінен тауып отыр.

Оставить комментарий
Последние новости