«Құрманғазы аудандық полиция бөліміне мектеп директорынан ұрлық дерегі жөнінде арыз түсті. Онда мамыр-тамыз айлары аралығында мектептен 2 дана «ACER» ноутбугі мен 1 дана проектор құрылғысы ұрланғаны айтылған. Полиция қызметкерлері осы дерекке қатысты тексеру іс-шарасын жүргізіп, мектептің техникалық құралдарын жымқырған күдіктіні анықтады. Күдікті 1996 жылы туған азамат болып шықты.
Күдіктіге «ешқайда кетпеу» шарасы санкцияланып, айғақ заттар тәркіленіп алынды. Қазір аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде» делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.