Полиция департаментінің экстремизмге қарсы күрес басқармасы қызметкерлері Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті департаментімен бірлесіп, деструктивті діни ағымды ұстанушы 1988 жылы туылған Атырау қаласының тұрғынын ұстады. Одан есірткі заттар мен тыйым салынған діни кітаптар тәркіленген. Полиция департаментінің баспасөз қызметінен білгеніміздей, аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабымен («Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу») сотқа дейінгі тергеу басталды.