Бұл туралы еліміздің ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқарма басшысы Роза Қожапова Орталық коммуникациялар қызметінде айтты.
«Демалыс және мереке күндеріндегі шектеу шараларына тоқталсақ, сауда үйлері, сауда ойын-сауық орталықтарының жұмысын тоқтата тұру бұрынғысынша сақталады. Одан басқа, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарларының жұмысын тоқтата тұру бойынша шектеу шаралары да сақталады.
Сұлулық салондарына, шаштараздарға, косметология қызметін көрсететін нысандарға, фитнес және спорттық сауықтыру орындарына, бассейндерге, тренажер залдарына, спорт кешендеріне, сауналарға қатысты шектеулер алынды. Сонымен қатар, діни нысандарға жұмыс істеуге рұқсат етілді» деді ол.