RSS лента

Атырауда карантин тағы да ұзарды

  • 13.09.2020, 22:50,
  • 1 273
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Әлеуметтік желі

Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері жаңа қаулы жариялады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Мақсат – Атырау облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекция таралуының алдын алу. 


Сонымен, Қаулының мазмұны:


1. Атырау облысының аумағында 2020 жылғы 14 қыркүйек  сағат 00:00-ден 28  қыркүйек   сағат 00.00-ге дейін шектеу шаралары ұзартылсын.


2.Атырау облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 29 тамыздағы № 64 «Атырау облысы тұрғындары арасында коронавирустық инфекциясы індетінің алдын алуға қатысты шаралар туралы» қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

3) InfoKazakhstan.kz порталына тіркелу арқылы  күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді және шахматтық отырғызу тәртібі бойынша әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, үзіліс кезінде үй-жайларды желдету, медициналық бетперде кию арқылы жалпы сыйымдылығы 50%-дан аспайтын және  50 адамнан аспайтын мәдени нысандардың, театрлардың  кітапханалардың, мұражайлардың қызметіне рұқсат етілсін;

2) 4-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

5) InfoKazakhstan.kz порталына тіркелу арқылы  күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып , сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін жалпы сыйымдылығы 30% – дан аспайтын , бірақ 50 адамнан аспайтын бассейндердің қызметіне  алдын ала жазылу бойынша рұқсат етілсін;

3) 4-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

7) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып,сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін бір адамға 4 шаршы метр есебінен әлеуметтік қашықтықты ескере отырып, жалпы сыйымдылығының 30% – нан аспайтын сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің (бутиктердің), сауда желілерінің қызметіне рұқсат етілсін;

4) 4-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

9) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша 15 адамнан аспайтын тобы бар балалар түзету кабинеттерінің/орталықтарының, балалар мен ересектердің  оқу орталықтарының, оңалту орталықтарының қызметіне рұқсат етілсін

5) 4-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

10) InfoKazakhstan.kz порталына тіркелу арқылы  күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша бірадамға кемінде 4 ш. м. есебінен СПА-орталықтардың, сұлулық салондарының, шаштараздардың, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсететін орталықтар мен салондардың, маникюр және педикюр қызметтеріне   рұқсат етілсін;

6) 4-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

11)  InfoKazakhstan.kz порталына тіркелу арқылы  күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді және әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып,медициналық бетперде кию арқылы, алдын ала жазылу бойынша, бактерицидтті лампалар болған жағдайында жалпы сыйымдылығы 30%-дан аспайтын және  50 адамнан аспайтын жаттығу залдарының, фитнес-орталықтардың,спорт секцияларының, спорттық-сауықтыру орталықтарының қызметіне рұқсат етілсін;

7) 4-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

14)мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік секторлардың, ұлттық компаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ қызметтері рұқсат етілген кәсіпкерлік субъектілердің қызметіне әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық  режимді сақтай отырып рұқсат берілсін. Сонымен бірге қызметкерлердің кемінде 60% -ы (штат кестесінде 30-дан астам қызметкер болғанда) қашықтан жұмыс режимі сақталсын;


3. Демалыс  және мереке күндері келесі шектеу шаралары ұзартылсын:

10) 5-тармақтың 1), 2), 5), 7), 8), 9), 10-тармақшалары алынып тасталсын;

11) 5-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

6) балалар түзету кабинеттерінің/орталықтарының, балалар мен ересектердің  оқу орталықтарының, оңалту орталықтарының қызметін тоқтата тұру.



Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости