RSS лента

Жаңа жылдан кейін Теңіз кенішіне 40 мың адам жұмысқа қабылданбақшы

  • 12.09.2020, 15:20,
  • 1 311
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Әлеуметтік желі

Атыраудағы Теңіз кен орнында мұнай өндіру бойынша зауыт салып жатқан «Теңізшевройл» компаниясы жаңа жылдан кейін қырық мыңнан астам азаматты жұмыспен қамтиды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«Теңізшевройл» ЖШС бас менеджері Ырзабек Артығалиев мекеме пандемияның «екінші толқынына» толықтай дайын екендігін айтты.

 

«Пандемия басталғалы бері компанияда санитариялық талаптар толықтай сақталуда. Жұмысшыларымыздың  вахтаға бару, келу жағдайында ПТР сынамасы мінетті түрде алынады. Қазіргі уақытта «Теңізшевройл» ЖШС-на қарасты инфекциялық стационарда короновирус симптомымен 35 науқас ем алуда. Пневмония жұқтырғандар жоқ» деді ол.


Айта кетейік, аталған серіктестікте биыл ақпан айында пандемия басталған сәтте 45 мың адам жұмыс жасаған. Сәуір айында қауіпсіздік мақсатында және өндірістің тоқтап қалмауы үшін бірінші қажеттіліктегі емес саланың 27 мың қызметкері кен орнынан шығарылды.


Бұдан кейін кеніште "таза" және "лас" аймақтар жасақталып, санитарлық талаптар сақтала отырып,  тамызда 17 мыңнан астам адам қайтадан вахталық жұмысқа кірісті.

 

Ал, жағдай әбден тұрақталған соң жаңа жылдан кейін  қырық мыңнан астам адам жұмыс жасайтын болады. Бұл ретте, мұнай бағасының арзандауы да кедергі келтірмеуі керек. Сондықтан қысқарту болмайды деп сендірді компания басшылығы.

 

Аталған мәселеге орай, аймақ басшысы да пікір қалдырды.

 

«Құрылыс жұмыстарына қазіргі уақытта көптеген азаматтар тартылуда.  Сол себепті, біз  қандай мамандар қызмет ететінін алдын ала біліп отыруымыз керек. Қажет болса, қай ауданның, қай жердің тұрғыны екенін анықтап, дұрыс жоспарлаған жөн. Жыл басына дейін 40 мыңнан астам адам жұмысқа тартылатын болса, олардың арасында қауіпсіздік шараларын сақтап, санитариялық талаптарды басты назарда ұстаған жөн» деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости