Жұмысшылардың жалақысы сақтала ма?
«ТШО» және өзге де мердігер мекемелердің қызметкерлерін Теңіз кен орнынан шығару жалғасуда. Бүгінге дейін 18,5 мыңнан астам аса маңызды емес жұмысшылар Теңіз кенішінен уақытша шығарылды.
- Төтенше жағдайдың орын алуына байланысты вахталық тәсілмен еңбек ететін қызметкерлердің коронавирусқа қатысты жұмысқа шыға алмағанына қарамастан, жалақылары толық сақталады. Ал, кен орнындағы вахталық мерзімі уақытынан асқан жұмысшылардың жалақысына 1,5 коэффициент қосылады, - деп атап өтті Рзабек Артығалиев.
Сонымен қатар, Теңіз кенішіндегі Covid-19 ахуалын тұрақтандыру қатаң бақылауға алынған. Осының аясында қызметкерлерді оқшаулау, жеке гигиенаның әлеуметтік ережелерін қамтамасыз ету секілді бірқатар істер атқарылуда.
- Біз барлық мердігер мекемелер мен жұмысшылардан осы шараларды орындауды талап етеміз. ТШО қауіпсіздік қызметі Жылыой ауданының әкімдігімен, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департменті және Ішкі істер департаментімен бірлесіп, Теңіз кен орнындағы талаптардың орындалуын үнемі қадағалап отырады. Кері жағдайда, ТШО келісімшарттар мен еңбек шарттарын бұзып, қатаң шаралар қолдануға құқылы, - деп мәлімдеді ТШО өкілі.
Ауру жұқтырғандардың 90 пайызында белгі жоқ
- Айта кету керек, Теңіздегі жұмысшылардың 90% -да ауру симптомсыз болып табылады. Бүгінгі күні Теңіз кен орнында ПТР талдауларының саны 8000-нан асты, орташа есеппен күн сайын 400-ге жуық талдау жасалады. Бұл Қазақстандағы жан басына шаққандағы тестілеу көрсеткішінен бірнеше есе жоғары, - дейді Р.Артығалиев.
Бұл тәсіл арқылы науқастармен байланысқан тұлғаларды анықтау статистикаға айтарлықтай әсер етті. Нәтижесінде, коронавирус бойынша оң нәтижелер санының өсуін көрсетті. Жаппай сынақтар жүргізу барысында вирус белгілері жоқ адамдарда да ауру анықталды.
- ТШО мен мердігер ұйымдар санитарлық-эпидемиологиялық қызметпен бірге және оның нұсқауларына сәйкес тестілерді жинау, жұқтырған адамдарды анықтау және жеке адамдарды оқшаулау бойынша іс-шараларды жалғастырады. Біз осы мүмкіндікті пайдаланып, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлеріне және Ұлттық сараптама орталығы, облыстық денсаулық сақтау басқармасына медициналық қызметкерлеріне ПТР талдаудың тиімді процесін ұйымдастыруға көмектескендері үшін алғыс айтамыз, - деді ол.
Қазіргі уақытта Теңіз кен орнында мемлекеттік мекемелерден берілген медициналық құралдармен жабдықталған инфекциялық стационар бар. Стационар коронавирустық инфекцияның жұмсақ және симтомпсыз түрімен ауыратын науқастарды қабылдайды. Мұнда, науқастар Қазақстан Республикасында қабылданған хаттамаларға сәйкес емделеді. Қазіргі уақытта осы ауруханада 376 адам ем қабылдап жатыр. Теңізде оқшаулау, әлеуметтік қашықтық, бетперде кию және жеке гигиеналық шаралар қатаң сақталған. Аталған сақтық шаралары Теңіздегі барлық қызметкерлер үшін міндетті болып табылады.
- Біз барлық мердігерлер мен олардың қызметкерлерінен осы шараларды орындауды күтеміз. Олай болмаған жағдайда, ТШО келісімшарттар мен еңбек шарттарын бұзуға дейін қатаң шаралар қолданады. ТШО қауіпсіздік қызметі Жылыой ауданының әкімдігімен, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы және полиция департаментімен бірлесіп, Теңіздегі ауысымдық лагерлерде осы стандарттардың орындалуын үнемі қадағалап отырады, - деп баса айтты Р.Артығалиев.
«ТШО жұмысын тоқтатады» деген – жалған ақпарат!..
- Қазіргі уақытта ТШО-ның өндірістік қызметі үшін маңызды болып табылатын «Келешек кеңейу» мен «Ұңғыма ернеуінің қысымын басқару» жобаларын қауіпсіз түрде іске асыру шаралары жүзеге асуда, - дейді Р.Артығалиев.

Бүгінде «Келешек кеңейу» мен «Ұңғыма ернеуінің қысымын басқару» жобалары 77 пайызға аяқталған. ТШО компаниясы аталған жобалар бойынша негізгі жұмыстарын жалғастыруда.
- Модулдерді жасау және оларды өндіріс орнынан шығару жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп, Теңіз кенішінде модул құрастыру жұмыстары қарқынды жалғасуда. Біз өндіріске тікелей қатысы жоқ қызметкерлерді уақытша босатып, кеніштен шығарғанымызға қарамастан, жоба бойынша сыни жұмыстарды ары қарай іске асырудамыз. Үздіксіз өндірістік қызметті қамтамасыз ету үшін өз қызметкерлерімізді қорғауға арналған бірқатар қосымша шараларды да енгіздік. Теңіздегі қызметкерлерді уақытша жұмыстан босату нәтижесінде өзге қызметкерлердің денсаулығына зиян келтірмеу көзделуде, - деп атап өтті ТШО өкілі.
Жұмыстың үздіксіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қорғаныс шараларының бірі - жұмыс істейтін қызметкерлерді жеке топтарға бөлу. Бұл дегеніміз, оперативті жұмыс тобы мүшелерінің бірі вирус жұқтырған жағдайда, басқа жұмыс тобы олардың орнын алмастыруға дайын болады, әрі өндірістік қызметті үздіксіз қамтамасыз ету үшін жұмыстарын жалғастырады.
- Бұдан бөлек, жұмыс істеу үшін берілетін рұқсатты онлайн тіркеу арнайы бағдарлама мен мобилді құрылғылар арқылы жүзеге асу үстінде. Біз орталықтан басқару пульттерін шектедік. Бөлмеге тек операторлар ған кіре алады. Сонымен қатар, бөлмелерді дезинфекциялаудың қатаң ережелері енгізілді, - дейді ол.
Айта кетейік, ТШО 2020 жылдың бірінші тоқсанында 7 млн 680 мың тонна шикі мұнай өндірді, бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі өндіріс деңгейінен сәл асып түседі.
Карантин жағдайында қызметкерлер қалай шығарылуда?
ТШО компаниясы үшін аса қажет емес жұмысшыларды Теңіз кенішінен шығару күрделі логистикалық процесс болды. Бұл туралы Атырау коммуникациялық қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Теңізшевройл» компаниясының қоғаммен байланыс жөніндегі бас менеджері Рзабек Артығалиев мәлімдеді.
- ТШО компаниясы кен орнындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жоспары аясында, сондай-ақ, қызметкерлер арасында COVID-19 таралу қауіпін азайту мақсатында, наурыз, сәуір және мамыр айында өндіріске тікелей қатысы жоқ қызметкерлерді Теңізден уақытша шығаруды жүзеге асырды. Бұл Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Атырау облысы әкімдігінің, басқа да облыс әкімдіктерінің және денсаулық сақтау органдарының жан - жақты қолдауының арқасында табысты жүзеге асырылған күрделі логистикалық процесс болды, - деді Р.Артығалиев.
Аталған шара барысында жұмысшыларды үйлеріне жеткізу үшін 40-тан астам коммерциялық әуе рейсі, ТШО «Dash 8» ұшағымен 211 рейс және 170 автобус рейісі жасалды. Мұнымен қоса, 16 пойыз жөнелтілген. Барлығы Атырау облысында Төтенше Жағдай режимі мен карантин кезінде жүзеге асырылды.
- Біз Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовке, сондай-ақ Атырау облысының жедел штабы мүшелеріне қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдіреміз. Сонымен қатар, медициналық мекемелер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, тасымалдаушы компаниялар мен мердігерлік ұйымдар мамандарына айтар алғысымыз шексіз. Бұдан бөлек, өзге облыстарда Теңіз кенішінің жұмысшылары тұрып жатыр. Осы ретте өзге аймақтың басшыларына да алғыс білдіргіміз келеді. Олардың көрсеткен қолдауы мен көмегі Теңіз кенішіндегі жұмысшылардың өз отбасыларына аман-есен жетуіне септігін тигізді, - деді Р.Артығалиев.
ТШО компаниясының өкілі атап өткендей, атқарылып жатқан аталмыш жұмыстардың негізгі мақсаты - өндірістік нысандарда жұмыс істейтін қызметкерлер арасында коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау.
Бұл шаралар ТШО-ның өндірістік қызметін және өзге де маңызды жұмыстарды жалғастыру үшін қажет. Оқшауландыру мен әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету - Теңіз кенішіндегі қызметкерлердің денсаулығын қадағалап, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аса маңызды.