RSS лента

Коронавирустың екінші толқыны мен қатаң карантин қашан?

  • 12.09.2020, 16:44,
  • 892
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Әлеуметтік желі

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов КВИ-дің келесі толқыны мен қатаңдатылған карантин жайлы айтты.

«Болуы мүмкін жаңа толқынға дайындық қызу жүріп жатыр. Осы орайда министерлер, әкімдер, Үкімет басшысы өңірлерді аралап жүр. Бұл ретте емханаларға, дәрігерлерге, көмек көрсету бригадаларына, дәрі-дәрмекке қатысты мәселелермен өңірлерге сапарға барып жатыр. Сондықтан медицина жүйесі болуы мүмкін коронавирустың жаңа толқынына дайын екенін атап өтемін.


«Кешегі баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрі осы мәселеге мән беріп, Қазақстанның шекаралас мемлекеттеріндегі болып жатқан жағдай туралы мәлімет берді. Біз сол ақпаратты күнделікті зерттеп отырамыз. Бұл тұрғыда Қазақстанның коронавирустың жаңа толқынына тосқауыл қою үшін жасайтын іс-қимылдардың нәтижесі маңызды. Сондықтан Үкімет тарапынан Қазақстанның шектеу жұмыстарын өткізуі әбден мүмкін. Ол енді көршілес мемлекеттердегі эпидемиологиялық жағдайларға байланысты.


«Қазақстан халқының жартысына жуығы ауылдық жерде өмір сүреді. Ауылға біз өте биік дәрежеде назар аударамыз. Жаңа толқынға жалпы сомасы 8,2 млрд теңгеге дәрі-дәрмек сатып алынды. Халық арасында сұранысқа ие 44 түрлі дәрі-дәрмек дайындалды. Республикаға шақталған дәрі-дәрмек қорынан ауылдағы ағайын да қағылмайды деп сөз бере аламын. Жетіспеушілік байқалса, міндетті түрде министрлікке сол ақпаратты жеткізіңіздер. Ауылдық жерлердегі алғашқы медициналық көмек көрсететін мекемелер жағдайы тексеріліп жатыр. Сондықтан, ауылдарда дәрі-дәрмек тапшылығы болмайды деп сенемін» деді ол.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости
Популярно
  • Сутки
  • Неделя
  • Месяц