Оның сөзінше, облыстар мен қалалар арасындағы блокбекеттерді алу үшін ауру жұқтыру деңгейі бірдей болуы керек.
«Қуанышқа қарай, автокөлік пен автобустарға қарағанда, ұшақпен аз ұшады. Сонда да, біз өңірлердегі жағдайды салыстырып қараймыз. Ал, өңірлердегі жағдай бірдей емес. Бұл өте маңызды. Бір өңірде жұқтыру дерегі көбірек, екіншісінде аз тіркелген. Қосымша ауру таралу жағдайы орын алмауын қадағалап отырамыз», - деп түсіндірді Бас сандәрігер.
Бірінші кезеңде – әуе рейстері, екіншісі – теміржол, ал, соңғысы өңірлер арасындағы блокпосттардың алынуы болуы мүмкін. Содан кейінгі кезек кешікпей өңірішілік блокбекеттерге де келмек. Бұл қазірде де (бір облыстағы қалалар мен аудандар арасында – ред.) біртіндеп орындалып жатыр» деп нақтылады Есмағамбетова.