«Өткен бірнеше күн ішінде 358 нысан тексеріліп, олардың 85 пайызы тиісті талаптарды сақтамайтыны анықталды. Бұл талаптар азық-түліктік және азық-түліктік емес нысандарда да сақталмайды. Сатушылар бетперде, қолғап және басқа да қорғаныс құралдары мен антисептиксіз жұмыс жасайды. Нан өнімдерін сақтау шарттары сақталмайды. Стоматологиялық нысандар мен сән салондарында да сондай жағдай. Нұр-Сұлтанда біз күн сайын түрлі дүкендердегі сатушылар арасынан ауру жұқтыру дерегін тіркеп отырмыз», - деді Есмағамбетова.