RSS лента

Қазақстандық оқушылар арасында КВИ-дің 250 жағдайы тіркеліп отыр

Автор фото: әлеуметтік желі

Кезекші сыныпқа барып оқып жүргендердің 105-і коронавиурс жұқтырған, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«Кезекші сыныптарда оқитын балалар арасында 105 жағдай тіркелді, 1426 адам байланыста болған, олардың 19-нан ауру анықталды. Қашықтан білім алатын балалар арасында 145 жағдай тіркелді, 348 адам байланыста болған, 22-нен ауру анықталды.

 

Өңірлерде, әсіресе ШҚО-да науқас көп тіркелген – 69 адам немесе республика бойынша жалпы жағдайдың 31%, СҚО - 30, Қарағандыда – 26, Қостанай облыстарында - 17 жағдай.

 

Карантин кезінде жұмыс істеп тұрған мектептердің арасында талаптарды орындамаған оқу орындары бар.Мектептерде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Білім басқармалары басшыларының және мектеп директорларының қатысуымен кеңестер өткізілді, онда мониторинг барысында анықталған барлық факті талқыланды» деді еліміздің Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости