«7 қазандағы жағдай бойынша бір айдан 18 жасқа дейінгі 74 бала коронавирусқа шалдыққан. Аурудың көп бөлігі Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында анықталды. 10 бала ауруханаға жатқызылды - бұл 14,3%, үй карантинінде - 60 бала немесе 86% дерлік. Жалпы, 32 бала симптомы білінбейтін КВИ жұқтырған, 31 бала да жеңіл түрімен, жетеуі орташа ауырлық дәрежесіне ие, оның ішінде бір балаға бактериялық пневмония диагнозы қойылды, ал екіншісіне Covid-19 белгілері бар, асқынған вирустық пневмония анықталды. Барлығы 46 мектеп пен балабақшадағы кезекші топқа барған үш бала қадағалауға алынды» деді ол Орталық коммуникациялар қызметі оратлығында өткен брифингте.