"Бірінші қыркүйектен бастап облыста төрт бала коронавирус жұқтырды. Олар Шемонаиха ауданының төртінші сыныбында оқитын екі оқушы, Көкпекті ауданының 11-сынып оқушысы және Алтай ауданының 2-сынып оқушысы. Науқастар оқитын мектеп шағын жинақталған мектеп болып табылады.
Екі сынып пен бір мектеп екі апталық карантинге жабылды. COVID-19 инфекциясы анықталған барлық мектепте эпидемияға қарсы дезинфекциялық шаралар жүргізілді" делінген хабарламада.