RSS лента

Мектеп оқушысы атасына өкпені жасанды желдету құрылғысын қолдан жасап берді

  • 02.07.2020, 17:36,
  • 893
  • 0
  • Автор:
Автор фото: inaktau.kz

Ислам Жалғасбай есімді маңғыстаулық оқушы пневмонияға шалдыққан атасының денсаулығын оңалту үшін қолда бар заттармен өкпені жасанды желдету аппаратын жасады, деп Turantimes.kz хабарлайды Inaktau.kz-ке сілтеме жасай отырып.

8-сынып оқушысының 62 жастағы атасы екіжақты пневмонияға шалдығып, ауруханаға жатқызылған. Дәрігерлер қарияның денсаулығына байланысты болжамдар көңіл көншітпейтінін айтып, туыстарына оны үйіне алып кетуді ұсынған.


“Жағдайы ауыр еді. Оны үйге алып келгеннен кейін де үміт үзбей күресуге шешім қабылдадық. Інімнің баласы Ислам YouTube желісінен бейнеролик көріп, өз бетінше өкпені жасанды желдету аппаратын жасап шығаруды ұйғарды” дейді отбасының туысы Рахат Тұрғанов.


Осылайша, сегізінші сынып оқушысының қодан жасап шыққан аппараты кәдеге жарап, атасының өмірін сәл де болсын жеңілдетуге септігін тигізді.


“Ислам жасап шығарған аппаратпен атамыз тағы бірнеше күн өмір сүрді. Алайда, өкінішке қарай, одан айырылып қалдық” дейді Р.Тұрғанов.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости