RSS лента

Ауруханада белгісіз препарат берілгенін кеше фейсбукке жазған журналист бүгін көз жұмды

  • 29.06.2020, 17:44,
  • 942
  • 0
  • Автор:

1960 жылы туған науқас Куандық Шамахай 23 маусымда жедел жәрдем қызметімен «Covid-19» күдігімен ауыр халде ауруханаға түскен. Сөйтіп, №1 көпсалалы қалалық ауруханасына жатқызылған. Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса бүгін науқастың көз жұмғанын мәлімдеп, отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды Turantimes.kz.

«Диагноз қойылды: ауыр дәрежедегі анықталмаған этиологияның екі полисегменталды пневмониясы. Емдеу диагностика мен клиникалық хаттамаға сәйкес жүргізілді. Емдеу кезінде науқастың жағдайы бірнеше рет нашарлады. 29 маусымда жүрек тоқтап қалуы орын алсоғысын тоқтатты. Реанимация жүргізілгенімен, науқас қайтыс болды. Өлім себептері бойынша қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Нәтижесі туыстарына хабарланады. Нұр-Сұтлан қаласының қденсаулық сақтау басқармасы марқұмның отбасына көңіл айтады», – делінген мәлімдемеде.

 

Айта кетейік, Шамахай қайтыс боларға дейін Facebook-тегі парақшасында жазба қалдырған болатын. Онда ол COVID-19-дан белгісіз препарат берілгенін мәлімдеген.

 

«Астанадағы Бірінші клиникадағ КВИ 1-палатада емделіп жатырмын. Кешеден бері дəрігерлер ковид тексеріс жасаймыз десіп жүрген. Шырт ұйқыда жатыр едім сағат 2 ..00-де Дəрігер мен медик жігіт келіп қағазға қол қойдырды да кетті. Сəлден кейін меджгіт келіп аузыма бір ақ дəрі салды да су ішкізді. Менен басқасына бермеген. Не зат десесем вирустан сақтайды дейді. Қастандық шығар деп күмəндімін. 3 литр су іштім. Неге маған арнаған? Əреккеттері күмəнді. Ещтеңе түсіндірмнйді», – деп жазды ол.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости