RSS лента

Коронавирустан көз жұмған 32 жастағы астаналық жігіттің өліміне қатысты деректер пайда болды

  • 19.06.2020, 19:04,
  • 1 946
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Madis Veltman

32 жастағы астаналық жігіттің денсаулығы мен өліміне қатысты астаналық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында айтып берді, деп хабарлайды Turatimes.kz.

«1988 жылы туылған ер адам бірнеше күн бойы ауырған. Шымкенттен демалыстан келген. Ауырғанын салқын тиюмен байланыстырған. Жағдайы нашарлаған соң жедел жәрдем шақырған.


10 маусымда жедел жәрдеммен стационарға демікпемен және әлсіздікпен жеткізілген. Жағдайының ауырлығына орай, реанимация бөліміне жатқызылып, ӨЖЖ құрылғысына қосылған», - деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінде.


Интенсивті терапия жүргізілгенімен, науқастың демікпесі болған. Емдік және реанимациялық шаралардың алынуына қарамастан, науқас 16 маусымда көз жұмды.


Жалпы, Қазақстан бойынша 105 адам коронавирустан қайтыс болды. Олардың ішінде, астанада – 25, Алматыда – 17, Шымкентте – 12, Ақмола облысында – 7, Ақтөбеде – 1, Шығыс Қазақстан облысында – 1, Батыс Қазақстан облысында – 6, Қарағанды облысында – 9, Қостанай облысында – 2, Маңғыстау облысында – 2, Павлодар облысында – 13, Түркістан облысында – 5.


Соңғы мәліметтер бойынша, елімізде коронавирус жұқтырудың барлығы 16​ 351 жағдайы тіркеліп отыр. Ал, вирусты симптомсыз тасымалдаушылар саны – 7609. ​



Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости