RSS лента

Қарағанды аймағында адамдары бар балкон опырылып ортасына түсті (бейнежазба)

  • 02.06.2020, 13:09,
  • 1 410
  • 0
  • Автор:

Қарағанды облысының Шашубай ауылында тұрғын үйлердің бірінде қылтима опырылып кетті. Сол сәтте балконда екі адам болған. Екеуі де күрделі жарақат алды, деп хабарлайды Turantimes.kz «Оркен Медиа» телеарнасына сілтеме жасап.

Үш қабатты ғимараттың балконы ерлі-зайыптылармен бірге төмен құлаған. 36 жастағы әйел кеуде қуысының соғылуы, шынтақ сүйегінің жабық сынығы және​ бет жарақаттарын алған. Сондай-ақ, оған «бас-ми жарақаты» диагнозы қойылған. Дәрігерлер оның денсаулығын орташа ауыр деп бағалауда.


Ал, ер адамның денсаулығы тұрақты ауыр жағдайда. Оның миы шайқалған, кеуде қуысынан алған ауыр соққыдан бауырына зақым келген. Екеуі де емханада ем алып жатыр. ​


«КТК» телеарнасы хабарлағандай, полицияда қазір істің анық-қанығы тексерілуде. Болжам бойынша бұл жазатайым оқиға болуы мүмкін. Өйткені, үй бұрыннан жөндеуді қажет етеді.


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости