RSS лента

Астана мектептеріндегі кезекші сынып сабақтарында балалар бетперде киіп отыруға міндеттеледі

  • 20.07.2020, 18:01,
  • 1 566
  • 0
  • Автор:

Астаналық мектептердегі кезекші сыныптар 1 қыркүйектен бастап қалай жұмыс жасайды, бұл туралы астаналық білім беру басқармасының басшысы Шолпан Қадырова айтып берді, деп хабарлайды Turantimes.kz.

Ол астанада ата-ана арызы арқылы 1-4 сыныптар үшін кезекшілік ұйымдастыру жоспарланып отырғанын атап өтті.

«1 қыркүйекте жаңа оқу жылы елордалық мектеп (1-11 сыныптар) пен колледждің бәрінде сабақ қашықтан оқыту форматында басталады. Бұл ретте қатаң санитарлық шараларды сақтай отырып, бастауыш сыныптың оқушылары үшін «кезекші сыныптардың» жұмысы жоспарлануда. Оның қалай жұмыс істейтінін түсіндіре кетейін: Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарының өтініші негізінде санитарлық талаптарды сақтай отырып, «кезекші сыныптар» ашылады. Оқу бірнеше ауысыммен жүзеге асады. Сыныптар кіші топтарға бөлінеді. Ол топтарда оқушы саны 10-15-тен аспайды», - деді Қадырова әкімдіктегі брифингте.

Оның сөзінше, сабақтар бір кабинетте өткізіліп, үзіліс әр түрлі уақытта болады. Сонымен қатар, сабақтардың бір бөлігі қашықтықтан жүргізіледі.

«Санитарлық нормаларды сақтау үшін мектептер дезинфекциялау құралдарымен, сенсор термометр, қорғаныс құралымен қамтамасыз етіледі.

Кезекші сыныптардың жұмысы үшін алгоритм келесідей болады: ата-аналар балаларды «кезекші сыныптарға» әкеледі, бірақ ғимаратқа кірмейді, мектептің кіреберісіне дезинфекциялық кілемше төселеді, мектепке кірер кезде баланың температурасы өлшенеді, қолды антисектикпен өңдеу және масканың болуы міндеттеледі, барлық қабаттарда және әрбір «кезекші сыныпта» санитайзер орнатылады, сынып желдетіліп, кварцталады және жуу кестесі жасалады, қызыл сызықпен белгілей отырып, медициналық кабинеттердің жанында оқшаулау бөлмесі ашылады», - деп атап өтті астаналық білім беру басқармасының басшысы.

Жаңа оқу жылына қарай, Қадырованың нақтылап өткеніндей, мектептердегі қатысушылар саны 202 мың шамасында болады деп күтілуде. Алғашқы сыныптарға 27 мыңнан астам оқушыны қабылдау жоспарлануда. Құжаттар eGov.kz электронды үкімет порталы арқылы қабылданады.

Еске салайық, оқу жылын оқушылар қашықтан оқу форматында бастамақ.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости