RSS лента

Астаналық кинотеатрлар 15 маусымда ашылмайтын болды

  • 15.06.2020, 12:56,
  • 1 038
  • 0
  • Автор:
Автор фото: coronavirus2020.kz

Корнавирустың қаупі сейілген жоқ, қатаң санитарлық аталптарды сақтау қажет, деп хабарлайды turantimes.kz әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда Covid-19 жұқтыру тәуекелдігіне орай 15 маусымнан бастап кинотеатрлар, балалар ойын аумақтары мен саудаойын-сауық оратлықтары, сауда үйлері мен балабақшалар қалыпты режимде жұмыс жасамайды.


Балабақшалар кезекші топтар арқылы өз қызметін жалғастырады – бір топта 15 баладан аспауы шарт. Бірінші кезекте балабақшалар баласын үйде қалдыруға мүмкіндігі жоқ жұмыс жасайтын ата-аналар үшін қызмет көрсетеді. Меткепке едйінгі ұйымға бармаған жағдайда, баланың орны сақталады.


Балалар учаскелік педиатр дәрігерден денсаулығы жайлы анықтама болғанда ғана қабылданады. Баланы балабақшаға қабылдау кезінде тәрбиеші медициналық қызметкердің бақылауымен, ата-ананың қатысуымен міндетті түрде термометрия арқылы баланың температурасын өлшейді. Коронавирустың таралу қаупі әлі де бар. Санитарлық нормаларды сақтау қажет: маска киіп, қолды антисептикпен өңдеп, қашықтықты сақтаған жөн. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы Сәуле Кисикова атап өткендей, санитарлық нормаларды сақтамау қала ауруханаларының толып кетуіне әкелуі мүмкін.


«Қауіпті инфекцияға тіпті дені сау жастар да шалдықты. Сақ болу керек. Бір адамның салғырттығы басқа тұрғындардың денсаулығына әсер етуі мүмкін. Коронавирус санаулы күндер ішінде адамның денсаулығын күрт нашарлатады, өзін - өзі емдеумен айналыспау қажет» деді Сәуле Кисикова.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости