RSS лента

Алакөлде демалушылар COVID-19-ке тест тапсыра алады

  • 05.06.2020, 09:28,
  • 1 066
  • 0
  • Автор:

Бұл үшін тесттен өту туралы анықтама керек болады, деп хабарлайды Turantimes.kz.

Биыл Шығыс Қазақстанда демалушылар мен демалыс үйлерінің иелері эпидемиологиялық жағдайға байланысты қабылданған нормаларды сақтауға тиіс:

- жағажай аумағында демалушылар 2 метрден кем емес арақашықтықты сақтауға міндетті;

- орналасу мен демалыс орындарының жобалық сыйымдылығы 50 пайыздан аспауы тиіс.

- үйшіктер мен отельдерге тек COVID-19-ке зерттеуден өткендігі туралы анықтама (нәтижесі шыққан 7 күннен кешіктірілмей) арқылы ғана орналасуға болады. Бір отбасы үшін оның бір мүшесінің анықтамасы жеткілікті.​

Бұдан бөлек, барлық демалыс базалары жеке қорғаныс және дезинфекиялық құралдармен, соның ішінде, қолға арналған антисептиктер мен арақашықтықта дене қызуын өлшейтін термометрмен қамтылуы қажет. Демалушыларда қосымша қорғаныс құралдары болуы керек.

Есте сала кетейік, Шығыс Қазақстандағы Алакөл көлінің жағалауындағы демалыс 13 маусымнан бастап ашылған болатын.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости