RSS лента

Тоқаев түлектерді «соңғы қоңыраумен» құттықтады

Автор фото: NewTimes.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық мектеп бітірушілерді құттықтады, деп хабарлайды Turantimes.kz.

«Құрметті түлектер! Сіздерді бүгінгі ерекше жағдайда сыңғырлайтын «соңғы қоңыраумен» құттықтаймын. Сіздердің аңсаған армандарыңызға жетулеріңізді тілеймін. Сіздердің сапарларыңыз сәтті және жолдарыңыз ашық болады деп сенемін!», - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-де. ​


 

Ол сондай-ақ, мұғалімдер мен оқытушыларға «бағасыз еңбектері» үшін алғыс айтты.

Еске салайық, 11 сынып түлектеріне аттестат тапсыру мен соңғы қоңырау салтанаты 3-4 маусымда өтеді. Астанада түлектер кешіндегі тәртіпті полиция қадағалайтын болады.

Бұдан бөлек, Білім және ғылым министрлігі түлектер кешін өткізу талаптарын нақтылады:

- Мектеп ауласында ашық аспан астындағы шаралар әр сынып үшін бөлек өткізіледі (20 минут интервалмен);

- Түлектер мектептегідей киім үлгісінде қатысады;

- Әр түлек тарапынан ата-анасының біреуі немесе екеуі қатыса алады;

- Бетперделік режим мен арақашықтықты сақтау міндеттеледі.

Оставить комментарий
Последние новости