RSS лента

Францияда коменданттық сағат енгізіледі

Автор фото: әлеуметтік желі

Франция президенті Эммануэль Макрон пандемияның таралуымен күрес аясында санитарлық талаптарды күшейтетінін жариялады, деп turantimes.kz хабарлайды Еuronews-ке сілтеме жасап.

Ел астанасы мен ауру жұқтыру деңгейі жоғары Лилль, Гренобль, Лион, Марсель, Монпелье, Руан, Тулуза және Сент-Этьен секілді ірі сегіз қалада сенбі күні сағат 21:00-ден бастап коменданттық сағат енгізіледі. Бұл режим кемінде төрт аптаға дейін созылады. Үкімет Парламентпен оны 1 желтоқсанға дейін ұзартуды келісуі мүмкін.


– Егер осы алты апта ішінде ел тұрғындары санитарлық шектеулерге жауапкершілікпен қараса және инфекцияның таралуын тоқтату мүмкін болса, онда жылдың аяғынан бастап бұл шараларды біртіндеп жеңілдетуге болады. Достардың, жақын адамдардың кездесулері, туған күн кештері және тағы да басқа кешкі жиын-тойлар мен мерекелік кештер ауру жұқтыру деңгейінің артуына себеп болып отыр. Кешкі тоғыздан бастап барлық бар, мейрамхана, театр мен кинотеатр жабылуы тиіс. Коменданттық сағат енгізілген кезде аталған қалалардың барлық тұрғыны өз үйлеріне қайтады деген сенімдемін, - деді франциялық президент.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости