Ауданның бас дәрігерінің шешімі бойынша Булаево тұрғындары:
1) пәтерлерінен (үйлерден) сағат 22: 00-ден 6: 00-ге дейін шығуына тыйым салынады (жұмысы барлар мен медициналық көмекті қоспағанда), қалған уақытта, жақын маңдағы дүкенге, дәріханаға, қоқыс шығаруға және жұмысқа шығуға ғана рұқсат;
2) көршілердің, таныстардың, туыстардың, әріптестердің келуіне тыйым салынады;
3) ересектердің еріп жүруінсіз балаларға сағат 19.00-ден кейін жүруіне болмайды;
4) 65 жастан асқан азаматтар өзін-өзі оқшаулау режимін сақтауы керек;
5) респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде (құрғақ жөтел, қызба, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т.б.), дереу үйден шықпай, дәрігерге жүгініңіз, медициналық ұйымдарға бармай-ақ, 103-ке хабарласып, жедел жәрдем көмегіне жүгініңіз;
6) жерлеу шаралары кезінде кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, 30-дан астам адамнан (негізінен отбасы мүшесінің) асуына жол бермеңіз.