RSS лента

Министр коронавирустың екінші толқынында қанша қазақстандық жұмыссыз қалатынын айтты

  • 11.10.2020, 20:21,
  • 10 147
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов коронавирус пандемиясының екінші толқыны кезінде 160 мыңнан аса адам жұмыссыз қалуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«Қатаң карантин енгізілген жағдайда, 4 миллионға жуық адам жұмыс орнын сақтап қалады. 2,5 миллионға тарта қазақстандық қашықтан жұмыс істеуге көшеді. Тағы 2 миллион азаматтың жұмыс уақыты қысқарады. Біздің сарапшылардың бағалауынша, егер өткен жолғыдай қатаң карантин болса, 160 мыңға жуық адам жұмыстан шығып, жұмыссыз қалуы мүмкін.

 

Ресми статистикаға сүйенсек, бүгінде жұмыссыздық деңгейі 5%-ті құрап отыр. Бұл шамамен 454 мың адам. Егер сәуір-мамырдағыдай шектеу шаралары қатаңдатылса, онда жұмыссыздық 6%-ке жетуі мүмкін» деді министр онлайн-брифинг барысында.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости