RSS лента

Карантин созылған жағдайда мешіттерде Құрбан айтқа шектеу енгізіледі

  • 03.07.2020, 14:50,
  • 1 076
  • 0
  • Автор:
Автор фото: inbusiness.kz

ҚМДБ төрағасының орынбасары Ершат Оңғаров Қазақстанда 19 шілдеден кейін карантин созылған жағдайда Құрбан айттың қалай өтетінін айтып берді, деп хабарлайды Turantimes.kz.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифинг барысында Ершат Оңғаров биыл 30-31 шілдеге келіп тұрған Құрбан айттың 19 шілдеден кейін карантин созылған жағдайда қалай өтетіні туралы журналистердің сауалына жауап берді. Ол Ораза кезінде елде карантин болғанын, осыған орай ҚМДБ бірқатар шараларды енгізгенін еске салды.


«Иә, егер карантин созылса, онда, өкінішке орай, біз мешіттерде Айт намазын өткізе алмаймыз. Құрбан айт құрбандық шалумен ерекшеленеді. Мұны қашықтықтан да жасауға болады. Біз бұл үшін барлық жағдайды жасауға тырысамыз» деп түсіндірді ол.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости