Оразбаев «103» қызметіне қоңыраулар саны маусымнан бастап төрт есеге өскенін еске салды. «Осыған орай, ауыртпалық сезіледі. Біз «103» пульт санын көбейттік. Байланыс орталығы құрылды. Осылайша, «103»-ке соғу мүмкіндігін мейлінше жақсартып жатырмыз», - деп атап өтті ол.
Бұдан бөлек, ол жедел жәрдемнің кеш келетін деректері де тіркелгенін жасырмады. «Жасырмаймын, кеш орындалған шақыртулар да бар. Олардың үлесі 5%-ды құрайды. Бұл қалыпты көрсеткіш», - деді ол.
Оразабевтың сөзінше, әрбір шақырту науқастың қал-жағдайына қарай диспетчерлік жедел жәрдем деңгейінде 4 жеделдік санатқа бөлінеді. «Әр санат бойынша өз уақыты мен жету кестесі бар», - деп түйіндеді ол.