RSS лента

Түлектердің ата-аналарынан ҰБТ тапсыру орындарына келмеу сұралды

Автор фото: Tengrinews.kz

Түлектердің ата-аналарынан қауіпсіздік мақсатында оқушыларды қолдауға келмей, үйде қалу сұралды, деп хабарлайды Turantimes.kz.​ ​

«Үстіміздегі жылы астанадағы жалпы білім беретін мектептерде 6515 түлек оқуды аяқтап жатыр. Олардың 6199-ы ҰБТ тапсыруға арыз берген. Бұл – контингенттің 95 пайызы», - деп айтып өтті астананың білім беру басқармасының басшысы Шолпан Қадырова.

Ол ҰБТ-ның 20 маусым мен 5 шілде аралығында барлық санитарлық талаптың сақталуымен өтетінін хабарлады.

«Тестілеу уақыты 3 сағат 50 минутқа созылады. Тесттер екі блоктан тұрады. Оған үш міндетті пән мен екі таңдау пәні кіреді. Ағымдағы жылы ҰБТ тапсырушы түлектерге 11 сыныптың төртінші тоқсанындағы бағдарлама сұрақтары қойылмайды», - деп толықтырды Қадырова.

Ол оқушылардың ата-аналарынан ҰБТ өтетін орындарға шығарып салмауды өтінді. Өйткені, бұл өз кезегінде адамның көптеп шоғырлануына әкеліп соғады. «Осылайша біз балаларымыздың қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз ете аламыз», - деп түйіндеді Қадырова.

​Бұған дейін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ҰБТ тапсыруға 131 мың қазақстандық түлек арыз бергенін айтқан еді. Қазір аталған министрлік тестілеуге дайындық жұмыстарын жүргізуде.

«Шарттты түрде бұл әуежайдағыдай болмақ: тосқауыл лентасы арқылы балалар арасындағы қашықтық анық көрінетін болады және алаң аумағы айқын сызылып көрсетілмек. Екіншісі: Аудиторида тест тапсыратындар қатары кем дегенде екі-үш есеге азайтылады. Егер бұған дейін аудиторияларда шартты түрде 100 адам болса, карантинге орай бұл көрсеткіш пропорционалды түрде кемітіле береді.

Сондай-ақ, бетперде, талапқа сай келетін респиратор ​ тағу міндеттеледі. Біз қазір бұл мәселемен жан-жақты айналысып жатырмыз», - деп мәлімдеді ол.
Оставить комментарий
Последние новости