RSS лента

Қазақстанда қарашада ковидтен күн сайын 100 шақты адам көз жұматыны рас па?

  • 27.08.2020, 17:28,
  • 5 269
  • 0
  • Автор:
Автор фото: *Ашық көздерден

Қазақстанның Премьер-министрі Асқар Мәминнің менеджерлермен кездесуінде профессор Алмаз Шарман осындай мәлімдеме жасады. Бұл ретте ол Вашингтондағы Джонс Хопкинс университетінің мамандары келтірген мәліметтерді негізге алған, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі

Шетелдік ғалымдардың болжамына сүйенсек, қараша басталғанға дейін Қазақстанда 50 мың адам COVID-19 жұқтырады деген болжам бар. Ал, күн сайын 80-100 адам көз жұмуы мүмкін.

 

«Мен көп жыл Джонс Хопкинс университетінде жұмыс жасадым. Ондағы әріптестерммен әлі де академиялық байланыстамын. Осы орайда, Қазақстандағы жағдайды да зерделеуді сұраған едім. Осы орайда, жан-жақты сынама алу мен оқшаулауға қатысты жаңа бастамаларды жүзеге асыруды ұсынамын. Бұл аурудың алдын алуға мол мүмкіндік берері сөзсіз» дейді Шарман.

 

Сонымен, ковидтен кімдер көбірек зардап шегеді?

 

«КВИ негізінен адам ағзасының басты органдарын зақымдайды. Көп жағдайда оған иммунитеті төмен азаматтар шалдығады. Әсіресе, созылмалы аурулары барлар. Коронавирус жұқтырған ең ауыр жағдайдағы науқастардың 80 пайызынан астамы диабет, артық салмақ, жүрек ауруларымен ауыратыны анықталып отыр» деп атап өтті медицина профессоры.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости