«Бұған дейін менің әріптесім – денсаулық сақтау министрі Алексей Цой эпидемиологиялық жағдайға қатысты үш сценарий ұсынғанын білесіздер. Егер пессимистік болжам дәл келсе, республикада локдаун желтоқсан айының ортасында, ал реалистік сценарий кезінде қаңтарда енгізіледі. Бірақ қазір ол болжамдардың қайсысы болатынын білмейміз. Егер сол сценарийлердің біреуі орын алып жатса, әрине, үкімет тарапынан міндетті түрде экономиканы, бизнесті, халықты қолдау шаралары қабылданады. Қолға алынатын шаралар мен қаражат мөлшері туралы айту әзірге ерте деп санаймын» деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.