RSS лента

Емхананың есепшотынан 70 миллион теңгені кім ұрлаған?

  • 10.10.2020, 21:04,
  • 5 114
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Сәуле МАҒАУ

Атырауда №1 қалалық емхананадағы ұрлық бойынша тергеу шаралары басталды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, Атырау қалалық №1 емханасының бірнеше медициналық қызметкері коронавирус індетін жұқтырған медициналық қызметкерлерге төленетін өтемақы бізге де берілсе деген өз талап-тілектерін айтты. Оларға Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Асхан  Байдуәлиев барып, мәселенің мән-жайын түсіндіріп,  өтемақының заң талаптары шеңберінде комиссия шешімі негізінде төленетінін жеткізді.


Оның сөзінше, Президенттің тапсырмасына сәйкес, Денсаулық сақтау министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызмет барысында коронавирус жұқтырып алған медициналық қызметкерлерге эпидемиологиялық тексеру нәтижесінде  өтемақы төлеу туралы бірлескен бұйрығы бар. Соған сай, келетін дәрігерлерге өтемақы төленеді.


Қазіргі кезде Атырау облысы бойынша короновирус инфекциясы мен вирустық пневмония жұқтырдық деп жәрдемақы алу үшін 955 медициналық қызметкер құжаттарын тапсырған. Оларды короновирус індетімен күресте қызмет еткен медицина қызметкерлеріне үстемақы мен өтемақыны төлеу комиссиясы тұрақты түрде қарауда. Бүгінге дейін 9 отырыс өткізген. Құжаттардың 474-сі мақұлданып, 481-і кері қайтарылған.  


«Бірақ жақында аталған бұйрыққа бірқатар өзгеріс енгізілуіне байланысты дәрігерлердің құжаттарын комиссияға қайта беріп, қазір қаралып жатыр» деді Асхан  Байдуәлиев.


Ол сондай-ақ медициналық қызметкерлерге ковидпен күрес кезінде жалақысына қосылатын үстемақылары уақытылы төленгенін атап өтті. Оның сөзінше, медицина қызметкері коронавируспен ауырған жағдайда – 2 млн теңге, ал көз жұмған жағдайда туыстарына 10 млн теңге беріледі. Өтемақы  мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бөлінетін бір реттік әлеуметтік төлем ретінде төленеді. 


Сондай-ақ ол Атырау қалалық нөмірі 1 емхананың  шотындағы 70 млн. теңгенің ұрлануына қатысты да түсініктеме берді. Оның сөзінше, электронды түрде ұрлық жасалған. Тиісті құқықтық органдар тергеу-анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости