RSS лента

"Жерге рұқсат беруді 20 күнге қысқарту қажет"

  • 02.12.2020, 16:39,
  • 655
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Үкімет отырысында жер учаскелеріне рұқсат құжаттарын беру мерзімін 1 жылдан 20 күнге дейін қысқартуды тапсырды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«Ауыл шаруашылығы, Цифрлық даму министрліктеріне, өңірлердің әкімдіктеріне жылдың аяғына дейін Агроөнеркәсіп кешені мен жер қатынастарын одан әрі цифрландыру жөніндегі жол картасын әзірлеуді тапсырамын. Байланыс қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасына аса назар аудару қажет. Себебі онсыз заманауи цифрлық технологияларды пайдалану мүмкін емес.

 

Сонымен қатар ол биыл жерлерді ғарыштан мониторингілеу бойынша пилоттық жоба жүргізіліп жатыр. 2021 жылдың аяғына дейін бүкіл республикаға 100 пайыз тарату үшін бұл жұмысты келесі жылы да жалғастыру қажет.

 

Цифрлық даму, Ауыл шаруашылығы министрліктері мен әкімдіктер келесі жылы жер қатынастарын цифрландыру, жер учаскелерін есепке алу мен ресімдеу процесінің ашықтығын арттыру, жер учаскелеріне рұқсат құжаттарын беру мерзімін 1 жылдан 20 күнге дейін қысқарту жұмыстарын аяқтасын» деді Үкімет басшысы.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости