RSS лента

Қазақстанда қанша ауылда интернет жоқ?

  • 27.08.2020, 01:51,
  • 1 464
  • 0
  • Автор:
Автор фото: *Ашық көздерден

Қазіргі уақытта Қазақстанның 4 646 елдімекенінде кеңжолақты интернет қолжетімді. Бірақ, жетіспеушіліктер де жоқ емес, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«Қазіргі уақытта Интернетке кеңжолақты қолжетімдікті қамтамасыз ететін желілер 6 459 елдімекеннің 4 646-сында салынған. Бұл ретте осы елдімекендерде 18,2 млн адам, халықтың 97,3% тұратынын атап өткен жөн. Nur Otan партиясының сайлауалды тұғырнамасы бар, онда жыл соңына дейін 250 және одан да көп адам тұратын барлық ауылдық елдімекендерді интернетпен қамтамасыз ету тапсырылған. Қазіргі уақытта интернетпен қамтылмаған 883 ауыл қалды.


Ауылдарды интернетпен қамтамасыз ету үшін екі жоба жүзеге асырылуда. Бірінші жоба «Талшықты-оптикалық байланыс желісі технологиясы бойынша елдімекендерді кеңжолақты қолжетімділікпен қамту» деп аталады. Жоба бойынша мемлекет мектептер, ауруханалар мен әкімдіктер үшін ауылдық елдімекендерде Интернетке кеңжолақты қолжетімдік қызметтерін сатып алады. Жоба 2020 жылдың соңына дейін 1 257 ауылдағы 3 718 мемлекеттік орган мен бюджеттік ұйымдарды қамтиды» деді Орталық коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Виталий Яр.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости