RSS лента

Екі министрліктің шенді шенеуніктеріне қатысты қылмыстық істер қозғалды

  • 22.07.2020, 12:46,
  • 2 041
  • 0
  • Автор:
Автор фото: zakon.kz

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, сондай-ақ, Білім және ғылым министрліктерінің жоғары лауазымды тұлғаларына қылмыстық істер қозғалды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Алик Шпекбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Turantimes.kz.

Шпекбаев атап өткендей, коронавирус пандемиясы өзгерістерді тиімді басқару бағытында барлық мемлекеттерді біраз ойландырып тастады. Оның сөзінше, қазіргі таңда мемлекеттік басқаруды жеделдетіп цифрландыру тақырыбы өзекті болып тұр. Коронавируспен күресудің үздік тәжірибелерін талдау Оңтүстік Корея мен Сингапур сияқты дамыған және нақты жұмыс істейтін мемлекеттік электрондық сервистері бар елдер пандемияны тез арада тоқтата алатындығын көрсетті.


«Бюджет қаражатын жымқыруға жол бермей, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға барынша ден қою қажет. Осы тұрғыда қазіргі уақытта цифрлық даму мен білім және ғылым министрліктерінің жоғары лауазымды тұлғаларына қатысты цифрландыру бойынша 2 қылмыстық істі тергеп жатқанымызды мәлімдегім келеді» деп хабарлады Шпекбаев.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости