"Бұған дейін біз қажет болса, коронавирусқа шалдыққандар үшін 70 мыңнан астам орын ашылуы мүмкін екенін айтқан едік. Соның ішінде 51 мың орын стационарларда, яғни ауруханаларда болады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымына сәйкес, егер осы 51 мың орынның 70 проценті толып қалса, қатаң карантин шараларын енгізуге тура келеді.
Дегенмен, оған дейін бармайды деп сенеміз. Қазіргі жағдай тұрақты, науқастар мен құрбандардың саны күн сайын төмендеп келеді. Бұл дегеніміз, санитарлық нормалар жақсы сақталып жатыр. Әрине, барлығы өзімізге, қоғамдық тәртіпке байланысты болады" деді еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахмет.