«Министрлік Роза Рымбаеваның баласын той өткізгені үшін жазаға тарта ма? Бұл сұрақ Төреғали Төрәлінің қарындасының тойына да қатысты» деп сұрады журналист ОКҚ-де өткен брифингте.
Қожахметов бұл мәселенің Денсаулық сақтау минитсрлігінің жеке бақылауында екенін айтты.
«Біз бұл мәселені талқыладық. Ол менің көзімше Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшинге қоңырау шалды. Қазір қалалық полиция депаратментінің қызметкерлерімен бірлесіп істің-мән-жайы анықталып жатыр. Расымен де, аталған шаралар карантин кезінде өтті ме, қандай санитарлық талаптар бұзылды? Міне, жазалау шараларын алу үшін осыларды анықтау керек» деп мәлімдеді ол.
Бұған дейін әлеуметтік желіде аталған тойлардан сурттер мен бейнежазбалар жарияланған болатын.
https://www.instagram.com/p/CEEl-BSARng/?utm_source=ig_embed
Биылғы мамырда Isntagram арқылы Фариза Төреғали мұсылмандық дәстүрмен спортшы Дархан Нортаевпен бас қосқанын айтқан еді. Карантинге қатысты тойлау кейінгі қалдырылды. Алайда, ол жуырда той суреттерімен бөлісті.
Алматы полициясында хабарлағандай, шараны ұйымдастырушылар анықталған. Қажетті материалдардың бәрі жинақталып, тиісті орындарға жолданған. Бірақ, нақты дәлелдемелердің жетіспеуінен Төреғали Төрәлінің отбасына хаттама толтырылмады.
Еске сала кетейік, карантин кезінде Қазақстанда көпшілік шараларды өткізуге твыйым салынған болатын. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі қазір той қуалайтын емес, ой қуалайтын кезең екенін мәлімдеген еді.
«Қазір «Тойың тойға ұлассын» деп әндетіп, той тойлап жүретін уақыт емес. Бүгінгідей технологияның заманында той-томалақтың әңгімесін айтып, бір-бірін асыра мақтап, ас ішіп, аяқ босатқанға риза кейіпте жүру әдетінен арылу керек» деді ол.