RSS лента

Астананың үш ауруханасында жоспарлы емдеуді жандандырды

  • 29.07.2020, 09:13,
  • 859
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Денис Грешкин

Астанада бірқатар медициналық мекемелер жоспарлы түрде емдеуге қайта кірісті. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов Үкімет отырысында мәлімдеді, деп Turantimes.kz хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қабылданған карантин шаралары мен емханаларда амбулаториялық емдеуді күшейту медицина мекемелері мен қызметкерлеріне жүктемені айтарлықтай азайтты.


Сөйтіп, жоспарлы емдеу №1 және №2 қалалық көпсалалы балалар ауруханасында, №2 қалалық көпсалалы ауруханада қайта жанданды. 3 тамыздан бастап қаладағы емханалар да жоспарлы емдеуді жалғастырады.

 

Бұдан бөлек, бір күн бұрын қалалық психикалық денсаулық орталығындағы жұқпалы аурулар стационарынан КВИ-мен ауыратын соңғы науқас емделіп шықты. Мұқият дезинфекциядан кейін ПДО бұрынғы профиліне сәйкес жұмысын қайта бастайды.

 

Сол сияқты, 5 шілдеден бастап жүргізілген карантин шаралары мен амбулаториялық емдеуді күшейту нәтижесінде пневмониямен ауруханаларға түскен науқастар саны екі есе – 1348-ден 633-ке азайды. Жедел жәрдем станциясына қоңыраулар саны 3 есе азайды – 3 мыңнан күніне 1100-ге дейін. Оның ішінде КВИ бойынша – күніне 500-ден 89-ға дейін.

КВИ-ден емделіп шыққан науқастар саны 70% – 10 320 науқастың 7 260-і емделіп шықты. Төсек-орын қорына жүктеме деңгейі 99%-дан 38%-ға дейін төмендеді.

 

Әкімдікте атап өтілгендей, Covid-19-дың төмендеу динамикасын сақтау үшін барлық азаматтар қатаң санитария нормаларын: маска тағып, қашықтық сақтау қажет.

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ:
Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости