RSS лента

Адамзат ақ аюдан айырылып қала ма?

  • 21.05.2021, 11:21,
  • 457
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: әлеуметтік желі

Ғаламдық жылыну басқа жерлерге қарағанда, Арктикада 3 есеге жылдам өтуде. Мәселен, мұзды аймақта соңғы жарты ғасырда жылдық орташа температура 3,1 градусқа көтерілген. Ал жердің басқа бөлігінде ауа температурасы бар болғаны 1 градусқа артыпты, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Арктикаға мониторинг жасайтын арнайы бағдарламалар алдағы уақытта бұдан да күрделі күн туатынын айтып, дабыл қағуда.

 

Мұз жамылғының жоғалуы адамзатты экономикалық өрлеуге әкелгенмен, табиғи құндылықтрдан көз жазып қалуға апаратыны жасырын емес. Мәселен, балық шаруашылығы мен құрлықтық қатынас дамып, жаңа мұнай-газ орындары ашылғанмен, көптеген өсімдік атаулы тіршілігін тоқтатып, ақ аюдың да біржола ғайып болу қаупі туындайды.

 

Қазірдің өзінде теңіз деңгейінің көтерілуі солтүстік жағалауларда тұратын адамдарға байқалып жатыр. Швеция, Сібір, Альяска секілді аймақтарда орман өрттері қалыпты құбылысқа айналып үлгерген. Бұл дегенің әдетте парниктік газдарды жойып жіберетін мұздың қара жерге айналып, кері әрекет ете бастағанын растайды. Осылайша климаттық өзгеріс үсті-үстіне үдей түседі.

Оставить комментарий
Последние новости