RSS лента

Қазақстанда баламасы жоқ инновациялық цех іске қосылды

  • 02.12.2020, 18:05,
  • 823
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Атырауда сапалы өнім өндіретін озық технологиялы өндіріс дамып келеді. «АтырауНефтеМаш» кәсіпорнының қызметі шетелдік компаниялардың да көңілінен шығып тұр. Жуырда серіктестік инновациялық цехты іске қосты. Ол зауытты ауқымды жаңғырту жобасы аясында салынған болатын, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

– Торлы төсем шығаратын және ыстық мырыш-тау цехы еліміздің осы саладағы жалғыз өндіріс орны болып табылады. Жаңа жоба «Қазақстанның Даму Банкінің» қолдауымен жүзеге асты. Индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында банк 14 жылға 9,5 млрд. теңге бөлген еді. Кәсіпорын өзінің жеке қорынан 5,8 млрд. теңге бағыттады, – деген «АтырауНефтеМаш» ЖШС бас директоры Александр Донсков инновациялық цехтың өнім шығару процесімен таныстырды.

 

Кәсіпорын басшысының айтуын-ша, толықтай автоматтандырылған цехтың жылына 60 мың тонна металды мырыштауға мүмкіндігі бар. Кез-келген темірден жасалған өнімнің бетін мы-рышпен жабу тиімді әдіс болып саналады. Осының әсерінен металды тот баспауы үшін жасалатын жұмыстарға шығындалудың қажеттілігі болмайды.

 

Жаңа цехта шығарылатын торлы төсем де өте берік. Бұл оны мұнай-газ саласында ғана емес, химия, ағаш өңдеу, металлургия, ауыл шаруашылығы салаларында, құрылыста қолдануға мүмкіндік береді. Мұндай төсемдер архитектурада, дизайнда, шолу алаңдарының, эстакада-лар мен платформалардың, пандустардың құрылысында пайдаланылады.

 

– Жоба шетелдік кәсіби мамандармен бірлесіп қолға алынды. Оны іске асыру барысында карантиндік шектеулерге бай-ланысты кедергілер де кездесті. Соған қарамастан, басталған іс сәтті жүзеге асып отыр. Осылайша, америкалық құрылғымен жабдықталған цех жұмысын бастауда, – деді кәсіпорын басшысы.

 

Өндіріске қажетті негізгі шикізат – мырыш елімізде өндіріледі. Ол Германияда өңделіп, қажеттілікке жара-тылады. Ғалымдардың пікірінше, ыстық мырыштаудың технологиялық талаптары сақталса, металдың қызмет ету ұзақтығы 50-75 жылға дейін ұзартылады.

 

Нысандағы автоматтандырылған әр құрылғының жанында бір-бір опе-ратор тұр. Демек, өндірістегі адам фак-торы мейлінше азайтылады. Бұл, өз кезегінде, көлденең жағдайлардың орын алмауына себепші болады. Құрылғының атқаратын міндетін баяндаған жоба жетекшісі Темірлан Дәркембаев жаңа өнімнің өндірістегі маңыздылығына ерекше тоқталды.

 

– Кәсіпорында отандық экономиканың жетекші са-ласына айналған мұнай-газ өнеркәсібі үшін, соның ішінде, ұңғымаларды жөндеу, мұнай өндіру мен жинақтау және өңдеу секторына қажетті ең күрделі қондырғылар шығарылады. Жылу-энергетикалық сала-лары да осы кәсіпорынның өнімін тұтына бастады. Аталған цехта осы заманғы жаңа тех-нология, еуропалық стандарт енгізілді. Бұл өнімнің сапасын арттыруға, тұтынушы тарапынан сұраныстың көбеюіне ықпал етеді, – деді Т.Дәркембаев.

 

Бұрын жергілікті компаниялар көрші елдің қызметін пайдаланып келген еді. Осының себебінен көп уақытын жол жүруге жұмсайтын. Қаржылық шығындары да қалталарына түсетін. Жаңа цехтың іске қосылуына байланысты ендігі жағдай түбегейлі өзгермек. Импортқа деген тәуелділікті жоятын жоба отандық тауар өндірушіге де тиімді болады.

 

Қазір кәсіпорын құрылыс, мұнай-газ және байланыс мекемелерінен түскен тапсырысты орындауда. Мамандар жарықтандыруға арналған металл бағанасының тұғырын, кабель жүргізетін лотоктарды ыстық мырышпен өңдеп жатыр.

 

Цехта әзірге бір ауысыммен жергілікті 30 шақты жұмысшы істейді. Операторлар Америка мен Ұлыбританияның оқу орындарынан тәжірибеден өтіп келді. Арнайы сертификаттары мен рұқсаттары бар. Өндіріс толық қуатына көшкенде жергілікті мамандарды еңбекке тартуға үлкен мүмкіндік жасалмақ.

 

Кәсіпорынның коронавирус инфекциясы өршіген кезде де жұмысын тоқтатпағанын атап өтуге болады. Бастапқыда кестеге аздаған өзгеріс енгізілгенімен, қазір тұрақты жұмыспен қамтылған 350-ге жуық қызметкер қалыпты режимде қызметін жалғастыруда.

 

Тағы бір жоба бойынша неміс ком-паниясымен келіссөз жүріп жатқандығы белгілі болды. Қазірдің өзінде техникалық аудит процесі басталған. Алайда, мамандар бұл жоба туралы ашып айтпады. Бізге белгілісі, келесі жылы қазақстандық қамтуды арттыру бойынша Германияның өңделмеген өнімі біздің цехта мырышталады. Бұл – Қазақстан экономикасы үшін үлкен жаңалық болмақшы.

 

Жалпы, «АтырауНефтеМаш» ЖШС-де үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы ауқымында үлкен жұмыстар жасауда. Өткен жылы ірі габаритті, әрі ең ауыр, яғни салмағы 1000 тоннадан асатын қондырғылар мен реакторларды шығару цехы іске қосылды. Дәл осы цехта диаметрі 9 метрді, ал ұзындығы 110 метрді құрайтын ірі колон-налар құрастырылады. Бұл жұмыстардың барлығы компьютер арқылы жүзеге асады.

 

Индустрияландыру, инновация, инвестиция. Бұл үш ұғым Қазақстанэкономикасының басым бағыттарына айналып отыр. Ал, жаңа кәсіпорындардың ашылуы жұмыссыздықты азайтып, мемлекеттің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосатыны ақиқат.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости