«Атырау облысы әкімдігі аталған тапсырманы іске асыру мақсатында Атырау қаласы мен оның айналасында ағаш отырғызу бойынша 10 жыл жүзеге асырылатын іргелі жоба дайындады. Бұл, көгалдандыруға арналған учаскелерді, жауапты орындаушыны және ағаш отырғызу кестесін айқындауды көздейді.
Ластаушы қалпына келтіреді деген қағидаға сәйкес ТШО, NCOC, «Ембімұнайгаз», Атырау мұнай өңдеу зауыты және басқалары негізгі кәсіпорындар ретінде анықталған. Аталған кәсіпорындарға көгалдандыру және 3-5 жыл бойы алғашқы күтім жасау үшін учаскелер бекітілмек. Бұл учаскелер қалаға немесе орман шаруашылығына беріледі.
Ал, келесі жылдан бастап Атыраудың айналасында «жасыл белдеу» құру басталады. Облыстың орман шаруашылығының облыста өсірілген, Атыраудың қатал климатына бейімделген көшеттермен қамтамасыз етуге әлеуеті жетеді. ТШО, NCOC, Атырау мұнай өңдеу зауыты, «Eмбімұнайгаз» және өзге де компания өкілдері жобаға қатысатынын растады. Бір-екі аптадан кейін меморандумға қол қойылып, жұмыс басталады. Бұл жобаны іске асыру аймақтағы экологиялық ахуалды жақсартады. Қала тұрғындары үшін жаңадан демалалыс және серуендейтін орындар пайда болады. Сондай-ақ, көп ұзамай біз тек «Атырау» емес, «Жасыл Атырау» деп айтатын күнге жетеміз деп ойлаймын» дейді ол.