RSS лента

Кредитті енді үйден шықпай алуға шақырды

  • 30.09.2020, 20:16,
  • 951
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Әлеуметтік желі

Алдағы қазан айынан бастап қаржылық қызметтерді үйде отырып-ақ пайдалану мақсатында биометриялық сәйкестендіру сервисі іске қосылады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі Ұлттық банктің ресми хабарламасына сүйене отырып.

 

 

 


«Тұтынушыларға банк шоттары мен депозиттерді ашу, төлем карточкаларын шығару, кредиттеу сияқты қызмет түрлері көрсетіледі. Қашықтан биометриялық сәйкестендіруді енгізу әлемдегі күрделі эпидемиологиялық жағдайдың аясында жаңа қауіп-қатерлерге жауап береді. Сервисті қаржы қоғамдастығының пайдалануы халыққа қашықтан көрсету тәсілімен ұсынылатын қызметтер тізімін кеңейтеді» дейді Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Есжан Біртанов.

 

Белгілі болғандай, жаңа қызмет банктерге, сақтандыру компанияларына, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына, төлем және микроқаржы ұйымдарына қолжетімді. Сервисті Ұлттық банк қаржы нарығына қатысушылармен бірлесіп әзірледі. Жүйе ағымдағы жылғы сәуірде пилоттық режимді іске қосылды. Осы уақыт ішінде сервис екінші деңгейдегі 11 банкке халыққа 2,8 млн банк қызметін көрсетуге мүмкіндік берді. ҚР Ұлттық банкі іске асыратын қашықтан сәйкестендіру тетігі Қазақстанның қаржы секторын цифрландыру жолындағы тағы бір қадам болып табылады. СДАО сервисіне қосылуға мүдделі болған жағдайда, қаржы нарығына қатысушылар +7-7272-50-66-26 телефоны бойынша ҚБЕО-ға өтініш бере алады.

 

 

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости