RSS лента

Енді Каспий теңізінен балық аулауға болады

  • 04.02.2021, 19:35,
  • 794
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Сенаттың жалпы отырысында тиісті заң жобасы талқыланды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«Керісінше, балықшылардың мүдделері қорғалады, яғни Каспий теңізінде біздің балық аулау аумағы ұлғаяды. Сонымен қоса, балық аулау кеңістігі пайда болып отыр, ол он миль төңірегінде болады. Заңда балық аулауға, теңізге шығуға тек қана күннің жарық кезінде жол берілсе, осы құжаттың аясында өзгеріс енгізіліп, балық аулайтын теңіз құралдарына түнгі уақытта да жүруге рұқсат берілмек» дейді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов.

 

Ал, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Дархан Ділмановтың сөзінше, Атырау және Маңғыстау облыстары балық аулау шаруашылықтары мен жағалау күзеті бөлімшелерінің өзара іс-қимылы мәселесі – тұрақты бақылауда.

 

«Біз осы мәселелерді үнемі реттеп келеміз, сондай-ақ балық аулау шаруашылықтары пайдасына шешім жасаймыз. 2020 жылы балық аулауға теңізге шығатын Қазақстанның 7 мың азаматы тіркелді. Заң жобасы бойынша балық аулау шаруашылықтары енді тәулік бойы жұмыс істей алады» дейді ол.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости