Тексеру барысында жалпы салмағы 245 келі болатын 64 бағалы балық тәркіленді. Сондай-ақ, балық аулау құралдары мен GPS навигаторлары да табылды. Бұлардың көмегімен аулау құралдарының қайда орналасқанын еш қиындықсыз біліп отырған.
Енді ұсталған азаматтарға қатысты сотқа дейінгі тергеу-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Ал, тәркіленген балықтар аумақтық ішкі істер органдарына тапсырылды.